"Омикронға" қарсы вакцина келесі жылы дайын болуы мүмкін

"Омикронға" қарсы вакцина келесі жылы дайын болуы мүмкін
Сурет: Inform.kz

Коронавирустың "омикрон" штамына қарсы бустерлік вакцина 2022 жылдың наурызында пайда болуы мүмкін

Бұл туралы АҚШ-тың Модерна фармацевтикалық компаниясының басшысы хабарлады. Айтуынша, қолда бар препараттар "омикронға" қарсы қауқарсыз болса, вирустың нақты бір түріне қарсы бағытталған екпенің болғаны дұрыс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қоса өндіруші қазір поливалентті вакцинаны жасап шығарумен айналысып жатыр. Ол вирустың 4 түрлі штамынан қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс. Осы категория бойынша Кореяда "омикрон" штамын алғаш жұқтыру тіркелді.