Алматыда 5G желісі іске қосылды

Алматыда 5G желісі іске қосылды
Сурет: Egemen.kz

5G желісіне басымдық берілді

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Басқарма басшысының мәліметінше, 5G желісін елімізде қызмет көрсететін 3 оператор адамдар көп жиналатын жерге орнатты.

«Қазір Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу, Каусар-Плаза және Смарт-Пойнт нүктесінде пилоттық режимде 5G желі іске қосылды. Технологияның өте жылдам дамуына байланысты біз осы 5G желісіне басымдық беріп отырмыз. Өйткені ол аз уақыттың ішінде анағұрлым көп мағлұмат бере алады. Сонымен қатар, бұл желі кешкі уақытта телефоннан сериал көруге, жақындарымызбен видео арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді», - деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол 5G желісін қосуда қалаға ешқандай шығын келмейтінін атап өтті. Оны операторлар өздері орнатып жатыр.