«OLX» есірткі сатудан танымал болып тұр

«OLX» есірткі сатудан танымал болып тұр
Сурет: Gov.kz

ІММ есірткіні саудалайтын қауіпті сайтты анықтады.

Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, биылғы 10 айда елімізде 2405 есірткі қылмысы жасалды, оның ішінде 1287 өткізу және аса ірі көлемде 415 есірткі сақтау фактісі анықталды.

«32 тонна 642 келі әр түрлі есірткі, 62 келі героин, 5 тоннадан астам кептірілген марихуана, 503 келі гашиш және 255,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі сату жағынан «OLX» сайты танымал. Жыл басынан бері компаниямен біздің министрліктің бастамасы бойынша полицейлермен және сервис қызметкерлері үш мыңнан астам хабарландыруды жойды», - дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.