Олимпиада және Параолимпиада ойындарының медальдары көрсетілді

Олимпиада және Параолимпиада ойындарының медальдары көрсетілді
Сурет: olympic.kz

Төртжылдықтың басты жарысы 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады

Шілде айында басталатын Париж олимпиадасында жүлдегерлерге табысталатын медальдар үлгісі көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Халықаралық Олимпада Комитеті Парижде өтетін Олимпиада және Параолимпиада ойындарының медальдарын көрсетті.

Париждегі Олимпиадада үздіктерге берілетін медальдарда Францияның символына айналған Эйфель мұнарасы бейнеленген. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тони Эстангенің айтуынша, бұл медальдардың бейнесі ерекше әрі қайталанбастай әдемі етіп жасалған.

Жалпы, 1896 жылдан бері Олимпиада ойындарында алтын, күміс, қола медальдар жиынтығы бойынша 36 мың жүлде өз иесін тапқан екен.

Париж Олимпиадасы 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады. 

Әлем мәдениетінің астанасы саналатын қалада Олимпиаданы өткізу туралы шешім 2017 жылдың қыркүйек айында қабылданған.