Дрон жасырылған электр көлігі полиция қызметкерлеріне беріледі

Дрон жасырылған электр көлігі полиция қызметкерлеріне беріледі
Сурет: видеодан алынды

Сауд Арабиясында өтіп жатқан Дүниежүзілік қорғаныс көрмесі аясында Lucid Motor компаниясы полицияға арналған электр көлігін ұсынды.

Көліктің артықшылығы – мигалкісінде.

Онда ұшқышсыз барлаушы дрондар жасырылған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Квадрокоптер санаулы секундтарда ұшып кету мүмкіндігіне ие. Ол үшін көліктің ішіндегі түймені бассаңыз болғаны.

Дрон қылмыскерлерді немесе із-түссіз жоғалған адамды іздеу үшін аумақты тексеруге мүмкіндік береді. Әуеден түсірілген сурет онлайн режимінде көліктің ішінде орналасқан экранда бірден көрсетіледі.

Lucid Air көлігі Сауд Арабиясының полиция қызметкерлеріне 2024 жылы беріледі деп күтілуде.