Білім саласындағы былық: мектеп есепшісі 90 млн теңгені жымқырған

Білім саласындағы былық: мектеп есепшісі 90 млн теңгені жымқырған
Сурет: Arnapress.kz

Мектеп есепшісі бақандай 90 млн теңгені қалтасына басқан.

Талғар ауданындағы білім ұяларының бірінің есепшісі үлкен көлемде қаржы жымқырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Алматы облысының прокуратурасы растаған.

Ал осынша көп ақшаны әріптестері мен туыстарына аударып алып отырған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу басталды.

Еңбекшіқазақ ауданында да осындай жағдай. Тергеу барысында мектеп есепшісі ұрлаған 10 млн теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтарып берді.