Қарызға батқан ханым

Қарызға батқан ханым
Сурет: polisia.kz

 “Қорғау” қосымшасы арқылы 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші ханым анықталды, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Шымкентте қаласының жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алды. Ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетіне орнатылған “Қорғау” бағдарламасы берді.

Toyota Camry көлік иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталды. Патрульдік полицейлер көлікті Темірлан тасжолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізуші әйелге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды.