Алматы полициясы ішімдікке қарсы шара жүргізді

Алматы полициясы ішімдікке қарсы шара жүргізді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда жарты ай ішінде түнгі уақытта 38 рет ішімдік сатылған.

Мұндай мәліметтерді жергілікті полиция қызметі іс-шараның аралық қорытындысын шығара отырып келтіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Арнайы мобильді топтар сауда орындарын тексеріп, алкоголь өнімдерін сатуға қатысты заңнама талаптарын барлығы бірдей орындамайтындығына көз жеткізді. Әсіресе, мұндай бұзушылықтар түнде ішімдік сататын, тіпті кейде 21 жасқа толмаған адамдарға да сататын шағын азық-түлік дүкендерінің сатушылары арасында жиі кездеседі. Мәселен, жыл басынан бері қаладағы ювеналды полиция қызметкерлері осыған ұқсас 68 құқық бұзушылықты анықтаған. Оларға айыппұл салынды. Сонымен қатар, нәтижесінде 36 дүкеннің қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды, тағы екі сауда орны бірнеше рет заңбұзушылық жасағаны үшін алкогольдік өнімдерді сату лицензиясынан айырылды», – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.

Баяндамашы мұндай заң бұзушылықтарға бірнеше рет жол берген кәсіпкерлерді айтты.

– “Өжет” шағынауданындағы “Береке” дүкені. “ЖК Джумагалиева” сот шешімімен алкоголь өнімін сату лицензиясынан айырылды, сондай-ақ, 163 352 теңге сомасында 80 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

– “Жұлдыз” шағынауданындағы Дөнентаев көшесінің бойындағы “Бастау” дүкені. “ЖК Бабатаев” сот шешімімен алкоголь өнімін сату лицензиясынан айырылды және айыппұл салынды.