Оқытушылар орамалға емес, білімге алаңдау керек

Оқытушылар орамалға емес, білімге алаңдау керек
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің кулуарында мектептегі форма мәселесіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мектеп – ол білім ордасы. Ол жерде білім берілуі керек. Менің ойымша, балаларды немесе оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз қажет. Министрліктің заң бойынша формаға қатысты стандарттары бар. Сол стандарттарды ұстануымыз керек, - деді Мәжіліс спикері.

Қошанов балалар кәмелет жасына толғаннан кейін қандай жолмен жүретінін өздері таңдайтынын айтты.

Журналист Ерлан Қошановтан «Мәжіліс салафизмге ресми түрде қашан тыйым салады?» деп сұрады.

Әрине теріс діни ағымда жүрген, Конституциямызға қайшы әрекет етіп жүрген азаматтарға заң жүзінде тыйым салуымыз керек, - деп жауап берді Мәжіліс төрағасы.