Нұрислам енді қола жүлдеге белдеседі

Нұрислам енді қола жүлдеге белдеседі
Сурет: Мassaget.kz

Отандасымыз қола жүлде үшін бақ сынайды.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жерлесіміз финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын. 

Қызу тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. 

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты. 

Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.