Нұртөре Жүсіп мобильді киіз үйлер шығаруды ұсынды

Нұртөре Жүсіп мобильді киіз үйлер шығаруды ұсынды
Сурет: 24.kz

Парламент Сенатында сондай-ақ жылжымалы киіз үйлердің өндірісін қолға алу ұсынылды.

Депутат Нұртөре Жүсіптің айтуынша, пластик материалдардан үй салу қиын емес. «Жылжымалы баспанада төтенше жағдай кезінде күнелтуге болады дейді», - сенатор.

Сондай-ақ, ол түрлі табиғи апат кезінде қазақстандықтардың қауіпсіздігі мәселесін қозғады. Апат болған жағдайда, ел ішінде дүрбелең болмас үшін қандай амал-айла бар екенін депутаттық сауалында сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Үштөбеде бір кездері киіз үй шығаратын зауыт жұмыс істеген, қазір ол жабылды. Бүгінде киіз үйді тек қандастардан табуға болады. Неге Қазақстанда жылжымалы киіз үй өндірісін қолға алмасқа? Саяхатқа, қоныс аударуға ыңғайлы баспана жасау үшін заманауи технологиялардың жетістіктерін пайдалану керек. Қазір мұндай үйді жеңіл темірден немесе пластикалық материалдардан салу оңай. Осындай жылжымалы үйлерді авариялық жағдайларда тұрақты пайдалану мүмкіндігін негізге алу керек», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.