Алматыда массаж салонында 15 жезөкше қызмет көрсеткен

Алматыда массаж салонында 15 жезөкше қызмет көрсеткен
Сурет: Polisia.kz

Алматыда массаж салонында 15 жезөкше қызмет көрсеткен.

Алматыда интимдік қызмет көрсетілген жезөкшелер үйі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Салон рейдтік іс-шараның нәтижесінде анықталды. Тексеру кезінде салонда 15 жеңіл жүрісті әйел мен олардың клиенттері болған. Олардың жеке басын анықтау және қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеру үшін күдіктілер біздің бөлімшеге жеткізілді. Салон қызметкерлері – басқа жақтан келгендер, олар Алматыда тіркеусіз болған. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес сараланады. Әкімшілік істің тиісті материалдары жинақталды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.