Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде баласы Тауманмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде баласы Тауманмен кездесті
Сурет: Yedilov online

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Абу-Дабиде қазақстандық студенттермен кездескен суреті пайда болды.

Бұл туралы Yedilov Online Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-дегі ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы оқитын NYU Abu Dabi университетіне барды, - делінген жазбада.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев екінші әйелі Әсел Құрманбаевамен мұсылмандық салт бойынша үйленген. Әсел экс-президентке екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келген.