Нұрлан имам Филадельфияда екі жастың некесін қиды

Нұрлан имам Филадельфияда екі жастың некесін қиды
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті Жұлдызай Исмаилова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Нұрлан Байжігітұлы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтып, екі жастың ақ некесін қиған, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz . Elorda.info-ға cілтеме жасап.

«Бұл кездесу барысында – жақсы адамдардың қасиеттері, түзу жол және Аллаһ туралы әңгіме жүрзігіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздың ақ некесін қидық. Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті», - деп жазды Ж.Исмаилова. 

Естеріңізге сала кетейік, дінтанушы, теолог, Нұрлан қажы АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алып, Америкаға аттанған еді.