Нұрдәулет күміс жүлдеге ие болды

Нұрдәулет күміс жүлдеге ие болды
Сурет: ашық дереккөз

Англияда паражүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан намысын қорғауға аттанған Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстандық параспортшы чемпионаттың финалында брасс әдісімен жүзуден 100 м қашықтықты 1:05.16 уақытта бағындырды. Белгіленген межені бірінші болып неміс спортшысы Енгел Талисо 1:03.26 уақытымен бағындырса, үшінші болып АҚШ спортшысы Давид Абрахамс 1:05.55 уақытымен аяқтады. 

31 шілдеде басталған паражүзуден әлем чемпионаты 6 тамызға дейін Англияның Манчестер қаласында өтеді. 

Жарысқа 67 мемлекеттен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан сапынан Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев, Наталья Звягинцева және Роман Потапов бақтарын сынауға аттанды.