Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы  тағайындалды
Inform.kz

Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Асхат Раздықұлы 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.

Павлодар облысының Ақсу қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесі бар.

Еңбек жолы: 2010-2014 жж. – Астана қалалық Nur Otan партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.

2011-2012 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.

2013-2014 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.

2014-2016 жж. – Астана қалалық Nur Otan партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2018-2019 жж. – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.

2019 жылдың 12 сәуірінен – Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2019-2020).