Гонконгтағы әйгілі Jumbo мейрамханасы суға батып кетті

Гонконгтағы әйгілі Jumbo мейрамханасы суға батып кетті
Сурет: Baq.kz

Оңтүстік Қытай теңізіне батып кетті.

Гонконгтағы су үстіндегі әйгілі Jumbo мейрамханасы Оңтүстік Қытай теңізіне батып кетті. Оқиға «жүзетін сарайды» 50 жыл тұрған орнынан қозғалтқан соң орын алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап. 

Мейрамхана қызметкерлерінің айтуынша, Гонконгтың көрнекі орындарының бірі саналатын Jumbo Kingdom-ның орнын 50 жыл тұрған айлақтан басқа жерге ауыстырған. Алайда арада бірнеше күн өткен соң оған су кіріп, батып кетеді.

Кемедегі экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенімен, кеме-мейрамхананы құтқарып қала алмады. 

Ұзындығы 80 метрге жететін су бетіндегі мейрамхана жарты ғасырға жуық уақыт бойы Гонконгтың сәніне айналды. 3 млн-нан астам келушілерге қызмет көрсеткен. Олардың арасында британиялық Елизавета ІІ патшайым мен актер Том Круз қонақ болған.