Қарғалар миллиардтан асады

Қарғалар миллиардтан асады
shansonline.ru

Ғалымдар анықтағандай, пингвин секілді ұша алмайтын құстарды қоса алғанда, әлемде әр адамға шамамен 6 құстан келеді екен. Бұл жайында Аlmaty-akshamy.kz порталы SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэлс университеті ғалымдарының есебінше, бүгінде әлем бойынша шамамен 50 млрд жабайы құс бар. Яғни, қауырсын жүнді құстардың қарасы 8 млрд-қа жақындаған адамзат санына шаққанда алты есе көп болып шықты.

Австралиялық ғалымдар тобы орнитологтарға және әуесқойларға нақты уақыт аралығында (режимде) құстар туралы жан-жақты мәлімет ұсынатын eBird онлаин базасында тіркелген деректерді, дәлірегі, бір миллиардқа жуық деректі біріктіріп зерделеген екен.

Аталған базаның 600 мыңнан аса пайдаланушысы 2010-2019 жылдар аралығында құстарды бақылаған болып шықты – қандай құс қай өңірде кездескені тіркеліп отырған. Осы таспаға тартылған жазбаларды пайдаланған ғалымдар бүгінде 92 мыңнан аса құстың түрі барын анықтап білген. Олардың 8 пайызы табиғатта өте сирек кездесетін түрлерінен тұрады.

Тек құстың төрт түрінің саны ғана бір миллиардтан асады: үй қарғасы, кәдімгі сауысқан, делавэр шағаласы және қарлығаш. Құстардың 1180 түрінің саны 5 мыңнан аспайтындықтан, олар қорғауға мұқтаж.