«Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы арасындағы өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы арасындағы өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
almaty-akshamy.kz
Нұр-Сұлтан шаһарында «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы арасындағы өзара Ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек ресми шараның ашылуында сөйлеген сөзінде қоғамдағы зиялы қауым өкілдерінің рөліне, осыған дейін жүзеге асқан рухани бастамаларға, алдағы атқарылуы тиіс екіжақты жобаларға кеңінен тоқталды.
Жиынға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлі, есімі елге мәлім қаламгерлер Несіпбек Айтұлы, Әлібек Асқаров, Оңайгүл Тұржанова, Айгүл Кемелбаева, Дәулеткерей Кәпұлы қатысты.
Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қоғамдағы билеуші партия мен шығармашылық одақ арасындағы Меморандум ірі рухани жобаларға, ұлттық мақсаттарға, тіл мен ділдің тірегі болар бастамаларға ұйытқы болатынын айрықша атады.
Меморандумның ненізгі мақсаты - мемлекеттік және ұлттық құндылықтарды дәріптеу; ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғыртуға және ауқымды институционалдық реформаларды жүргізуге бағытталған реформаларын қолдау;
мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ұлтты ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, елдің мәдени әлеуетін күшейту бағытындағы міндеттерді іске асыру;
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында бекітілген «Парасатты және зияткер қоғам», «Біртұтас ұлт» және «Қандастар» бағыттарын тиімді іске асыру.
Екіжақты ынтымақтастық құжатта «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің жұмысын қолдау және «Ulttyq Mura» партиялық жобасының жұмысын үйлестіру мақсатында тараптардың өкілеттіктері мен құзыреттері аясында көптеген жобалар жүзеге асырылмақ.
Осы Меморандумның алғашқы жемісі ретінде алдағы күндері әдебиет пен өнерге қатысты бірнеше номинация бойынша "Ұлы дала" байқауы жарияланбақ.