Неге бензинді Ресейден аламыз

Неге бензинді Ресейден аламыз
Сурет: ашық дереккөз

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жанармай бекеттерінде АИ-95 бензині неге тапшы екенін түсіндірді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, АИ-95 қоры 19 күнге жетеді.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында болған соңғы жағдайды білесіздер. Бүгінгі таңда онда тек АИ-92 шығарылып жатыр. Біз қазанда АИ-95-ке жағдай тұрақталады деп отырмыз. Мұның себебі Шымкенттегі зауытта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты. Қазір елдің оңтүстік өңірлерін Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өнімдері қамтамасыз етіп отыр, - деді ведомство өкілі. 

Вице-министрдің атап өтуінше, еліміздің жер көлемінің кеңдігіне байланысты Қазақстанның батысынан оңтүстігіне (бензин) өнім жеткізу біраз уақыт алады. 

Осы ай елімізде, әсіресе демалыс күндері АИ -95-ке сұраныс артқаны байқалады. Сондай-ақ Ақкенженов тапшылыққа тағы бір себеп - демалыс күндері мұнай базаларының жұмыс істеуінде жатыр. 

Сонымен қатар Ерлан Ақкенженов АИ-95 бензинінің бір бөлігі Ресейден жеткізілетінін атап өтті.

Биыл Қазақстан АИ-95 бензинінің 40 мың тоннасын импорттауды қарастырды. Бүгінде тиісті келісімшарт жасалды. Импорт тамызда болады. Бірінші импорт – 19 мың тонна (АИ-95). Ол бірнеше ай болады. Шымкент МӨЗ толық қуатына көшкенде АИ-95 бензиннін өндіруді бастаймыз, - деді вице-министр.