Назым Қызайбай «Страндж» кубогінің финалында

Назым Қызайбай «Страндж» кубогінің финалында
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық боксшы қыз Болгарияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты.

Аталған халықаралық турнирде 50 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Франция боксшысы Роман Мулаимен жұдырықтасып, қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Төрешілер бір ауыздан (29:28, 30:27, 29:28, 29:28, 30-27) Қызайбайды жеңімпаз деп таныды. Айта кетейік, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай ширек финалда испаниялық спортшы Лаура Фуертес Фернандеспен жекпе-жекке шығып, тағы да төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылған болатын.

Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар. Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.