Мысықты жол бойына қалдырған әйел жауапқа тартылды

Мысықты жол бойына қалдырған әйел жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Бұл қызық әрі келеңсіз жайт Павлодарда болған.

Мысықты жолда қалдырған павлодарлық әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда tipavlo.dar Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған фотосурет бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Фотосуреттің астында жүргізуші әйел жол бойында тоқтап, мысықты жолда қалдырғаны туралы жазылған.

«Жүргізушінің жеке басы анықталды. Белгілі болғандай, қала тұрғыны "Рахмет" базарына азық-түлік сатып алуға келген, көліктің есігі ашық болғандықтан, даладағы мысық салонға кіріп алған. Кейін мысықтың даусын естіп, жүргізуші мысықты машинадан сыртқа шығарған. Облыс орталығының 57 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабының 1-бөлімі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.