Найзағайдан қалай сақтану керек

Найзағайдан қалай сақтану керек
almaty-akshamy.kz

Найзағайдан сақ болуға шақыратын арнайы жадынама

Мамандар қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында ата-аналарға арнап арнайы жадынама ұсынады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

• Жалғыз өскен ағаштың астына тығылмаңыз. Ондай ағаштар найзағай тартуы мүмкін. Әсіресе, теректер, шыршалар мен қарағайлар қауіпті. Ойпатты жерлерде (шұңқырлар, арықтар, сайлар) немесе автомобиль жолдарының астындағы су өткізгіштерде жасырынған дұрыс.

• Қалтаңыздан металл заттарды (кілттер, шынжыр, ойыншықтар) алыңыз.

• Егер сіз велосипедпен жүрсеңіз, одан кем дегенде 30 метр алыстап, жаңбыр аяқталғанға дейін жанына жақындамаңыз. • Ұялы телефонды біраз уақытқа өшіріңіз.

• Егер суға түсу кезінде найзағай соға бастаса, шұғыл түрде судан шығып, жағадан 100 метр қашықтықта жүріңіз. Су электр тогын жақсы өткізеді және найзағай тартады.

• Мүмкіндігінше көлікте немесе ғимаратта жасырыныңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, жоғарыдағы ұсыныстарды орындаңыз

• Жаяу жүруді тоқтатып, жақын маңдағы ғимаратта күткен дұрыс. Аялдамада күту қауіпті. Өйткені жел аялдама шатырын ұшырып әкетуі мүмкін.

• Үйде болсаңыз, барлық электр құрылғысын өшіріп, терезелерді жабыңыз.

• Балконға немесе аулаға шықпаңыз. Бұршақ жауа бастаса, терезеден алыс жерде болған дұрыс. Өйткені бұршақ терезені сындыруы мүмкін.