Наурызнама: Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз –думан» мерекелік керуені жүріп өтеді

Наурызнама: Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз –думан» мерекелік керуені жүріп өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

21 наурызда Алматыда Наурызнама аясында театрландырылған керуен жүріп өтеді.  Оған батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары арбадағы киіз үйді, қыз күймесін, қоржынға жібек маталар мен кілемдер артқан түйелерді, ат үстігдегі батырларды, құмай тазылар мен мергеншілерді, жалпы жеті қазына нышандарын көреді алады. 

«Көш. Наурыз – думан» мерекелік керуені 21 наурыз күні сағат 10:00-де басталып, Абай даңғылының бойымен, батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін жүріп өтеді.