ҚР Ауыл шаруашылығы министрі журналистерді құттықтады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі журналистерді құттықтады
Сурет: Gov.kz

Бүгін, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні. 

Осы мерекеге орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров БАҚ өкілдерін құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінгі күні қоғамдық коммуникациялардың жаңа форматтарының белсенді пайда болуына қарамастан, сіздердің мамандықтарыңыз өз маңыздылығын жоғалтпай, үлкен сұранысқа ие болып отыр. 

Жаңа технологиялар мен байланыс құралдарының дамуымен бірге кез келген ақпарат, оның ішінде шындыққа жанаспайтын, жалған, фейк ақпараттар қоғамда өте жылдам таралуда. Сондықтан азаматтардың әлеуметтік  әл-ауқатының артуы мен мемлекеттегі тұрақтылықты сақтау сіздердің журналистік кәсіби шеберліктеріңіз бен ақпарат таратудағы жылдамдықтарыңызға байланысты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалап қана қоймай, олардың ауыл мен елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы еңбектерін де ерекше атап өтеді. Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында халық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты, ауылдық бизнесті өркендету мүмкіндіктерін, фермерлік шаруашылықтарға көрсетілетін қолдаулар туралы сапалы ақпаратпен сауаттанып отыр деп білеміз.
 
Осынау кәсіби мерекеде сіздерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз! Тың идеялар мен табысты жобаларыңыз көп болсын!» -деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.