Наурызбай ауданында суық су өшіріледі

Наурызбай ауданында суық су өшіріледі
Сурет: Inform.kz

«Алматы Су» МКК 29 шілдеде Наурызбай ауданындағы үйлердің бір бөлігінде суық су уақытша өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

29 шілде күні сағат 09:00-дан 17:00-ге дейін Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданындағы Жүнісов – Дала – Жақыпбаев – Нұрмұхамедов көшелер шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су уақытша болмайды. 

Суды ажыратуға қатысты уақытша шектеулер жаңа су құбырын іске қосу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіледі. «Алматы Су» МКК-ның анықтама телефоны: 274-66-66.