Ақылжан САЙЫН: Референдумның әділ және ашық өтуін бақылаймын

Ақылжан САЙЫН: Референдумның әділ және ашық өтуін бақылаймын
almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматы қаласы,  Жетісу ауданының №316 дауыс беру учаскесінде «AMANAT» партиясының өкілі ретінде қатысып отырмын. Дауыс беру учаскесі өз уақытында ашылып, жауапты адамдар барлығын талаптарға сай ұйымдастыруда. Әр жерден келген ұйым өкілдеріне барлық тиісті жағдайлар жасалған. Референдумға бірінші болып келгендер өз таңдауын жасады.  Бүгінгі күніміздің ертеңгі тарихқа айналатынына сенемін. Осындай жауапты кезеңде өз үлесімді қосып, «AMANAT» партиясы атынан өкілдік етудемін. Сондықтан бүгін референдумның әділ және ашық өтуін бақылаймын.