Наурызбай ауданында екі емхана салынады

Наурызбай ауданында екі  емхана салынады
almaty-akshamy.kz

Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 500 адамға арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде, қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастау жоспарлануда.

Екінші емхана бойынша Шұғыла шағын ауданында жобалау ұйымымен шарт жасалды. Құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады.

Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады.