Қазақстанда 816,3 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған

Қазақстанда 816,3 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған
Cурет: Ашық дереккөз

Бала емізетін әйелдерге де вакцина салу жалғасып жатыр

Қазақстанда 816 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы вакциналанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» препаратымен егу жалғасуда.
23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, вакцинаның І дозасын 1 043 509 адам, ІІ дозасын 894 528 адам салдырды.
Оның ішінде,
І компонентімен егілді:
- жасөспірім – 816 369,
- жүкті әйел – 37 771,
- бала емізетін әйел – 135 030.
ІІ компонентімен егілді:
- жасөспірім – 739 445,
- жүкті әйел – 32 409,
- бала емізетін әйел – 117 429.