Елімізде 13 адам коронавирустан жазылып шықты

Елімізде 13 адам коронавирустан жазылып шықты
Cурет: Inform.kz

Алматыда 6 науқас айықты

Қазақстанда бір тәулікте 13 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Алматы қаласында - 6,
Алматы облысында - 2,
Қарағанды облысында – 1.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 305 457 адамнан анықталса, соның ішінде 1 290 988 адам сауығып шықты.