Наурыз мерекесінде неше күн демаламыз?

Наурыз мерекесінде неше күн демаламыз?
Сурет: интернеттен

Ресми мереке күндері - 21, 22 және 23 наурыз.

Сенбіден демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен, қазақстандықтар мына күндері демалатын болады:

бес күндік жұмыс аптасында – бес күн: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сенбіден демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады;

алты күндік жұмыс аптасында – төрт күн: 21, 22, 23 және 24 наурыз (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз жаңаша тойланатын болды. Мереке 10 күн – 14-23 наурыз аралығында өтеді және бұл кезең Наурызнама деп аталады.