Нұротандықтар «Ардагерлерді Ардақтайық» онлайн акциясының жеңімпаздарын құттықтады

Нұротандықтар «Ардагерлерді Ардақтайық» онлайн акциясының жеңімпаздарын құттықтады
almaty-akshamy.kz

Еңбек және тыл ардагері Надежда Непомилуева және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман бүкіл ел бойынша үздік бейнероликтер байқауында жеңіске жетті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Аға буын өкілдерін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев және партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев құттықтады. 

Роликте олардың тарихы мен еңбек жолы, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне деген өзіндік көзқарасы баяндалады. Олар Елбасының мемлекеттің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтіп, жастарға өз тілектерін білдірді. Аталған бейнероликтер әлеуметтік желі қолданушыларында кеңінен танылды.

Мысалы, Непомилуева Надежда Павловна - Еңбек және тыл ардагері, еңбек жолын ҰОС жылдары пошташы болып бастаған. Зейнеткер қазіргі уақытта қаланың қоғамдық жұмысына белсенді қатысады, көп жылдар бойы Әуезов аудандық Ардагерлер кеңесінің жанындағы патриоттық және адамгершілік тәрбие жөніндегі комиссияның төрайымы болып жұмыс істеді. Надежда Павловна - ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі, көптеген өлеңдердің авторы. Бүгінгі таңда ардагердің 5 өлеңдер жинағы жарық көрді. 

«Қазыналы қарттарымызға деген қамқорлық күнделікті көрініс табуы керек. Біз оларға қамқорлық пен көңіл бөлудің маңыздылығын түсінеміз. Аға буын өкілдерән қолдау партия мүшелерінің басты мақсаты болып қала береді»,-деп атап өтті партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы акцияның барлық жеңімпаздарына ақшалай сыйлық аударады. Ел бойынша барлығы 30 жеңімпаз анықталды, олардың төртеуі алматылықтар қатарынан.
                                                                                                                                                    Естеріңізге салсақ, қазан айының басында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы бастау алған. Айта кету керек, мегаполистің нұротандық депутаттары мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері Алматыда 100-ден астам аға буын өкілдерін құттықтады.