Екпе салдырған қазақстандықтан шетелде ПТР талап етілмейді

Екпе салдырған қазақстандықтан шетелде ПТР талап етілмейді
Сурет: Tengrinews

Бірақ бұл кейбір мемлекетте ғана жарамды.

2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бой ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады.

«Сонымен бірге Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. Аталған елдерге бару үшін Қазақстан азаматтарына шекаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті», – делінген ҚР СІМ хабарламасында.