Мұхитқа төгілген мұнайдан балық қырылып жатыр

Мұхитқа төгілген мұнайдан балық қырылып жатыр
Twitter

Калифорния жағалауындағы экологиялық апаттан аймақта құс пен балық қырылып жатыр деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Тынық мұхитқа төгілген 572 мың литр қара алтын шамамен 33 шаршы шақырым аумаққа жайылған. Мамандар халық демалатын бірнеше жағажайды жауып тастады.

Өңірде тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар апат салдарын жою үшін қазынадан қаржы бөлуді талап етеді. Апаттың себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Мамандар алып кеме су астындағы мұнай құбырын соғып өтуі мүмкін деген болжам айтады.