Мұз құрсауында қалған бір үйір жылқы құтқарылды

Мұз құрсауында қалған бір үйір жылқы құтқарылды
Cурет видеодан алынды

Ақмола облысы Атбасар ауданына қарасты Бастау ауылдық округінде мұз құрсауында қалған жүзге жуық жылқы құтқарылды.

Олар боранды күні адасып, Есіл өзені тұсындағы су басқан шалғындарда жайылып жүрген. Кейін ол жерден өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Құтқарушылар мұздың арасынан қайықпен жол ашып, жылқыларды қауіпсіз жерге айдап апарды. Алайда, 30-ға жуық жылқының өлгені анықталды.