Мүлік және жер салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады

Мүлік және жер салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады
azh.kz

Алматыда берешегі бар 3 компанияның лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі - салық берешегін өндіріп алу, яғни салықты уақтылы төлемеген салық төлеушілерге шаралар қолдану. Бұл жұмыс бүгінгі таңда автоматтандырылған, яғни берешек пайда болған кезде ақпараттық жүйе арқылы салық төлеушіге хабарлама жолданады, банктік шоттар бұғатталады», - деді ол.
Спикердің сөзінше, бүгінгі күні мегаполисте салықтар бойынша берешек сомасы - 146 млрд теңге.
«Соның ішінде, берешектің қомақты мөлшері немесе 94 млрд теңгеден астам сомасы - қылмыстық істер барысында 3 букмекерлік компанияға қатысты тағайындалған тексеру нәтижелері бойынша пайда болған қарыз. Бұл компаниялардың лауазымды тұлғалары сот үкімі бойынша әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды», - деді Қанат Баеділов.
Оның айтуынша, әзірге бұл сомадан 16,9 млрд теңге өндіріп алынды.
«Атап айтар болсам, «Alpha-bet» ЖШС-нен 6 813 млн теңге, "OLIMP KZ" ЖШС-нен 868 млн теңге және «Onlybet» компаниясынан 9 219 млн теңге өндірілді. Сот орындаушыларымен бірге жұмыстар жалғасуда», - деді ол.
Сонымен қатар, ол банкроттық рәсімдер жеңілдетілгенін жеткізді.
«Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін анықтаудың жалғыз критерийі - борыштың активтерден асып кетуі. Өткен жылы 173 борышкер, ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 37 борышкер банкрот болып танылды. Олар бойынша берешектің есептен шығарылған сомасы 88,6 млрд теңгені құрады», - дейді спикер.