Қазақстан Президенті «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

Қазақстан Президенті «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Президенті «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Сонымен қатар Президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.