Мүгедектерге күтім жасауды үйрететін онлайн курс ашылды

Мүгедектерге күтім жасауды үйрететін онлайн курс ашылды
almaty-akshamy.kz

Мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдарды, сондай-ақ нашар көретін азаматтарды сүйемелдейтін жеке көмекшілер Skills Enbek платформасында онлайн оқи алады..

Курстың мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген, ауруларды және жеке қажеттіліктерді ескере отырып, сүйемелдеуді қажет ететін білім мен дағдыларды игеру.

Кәсіптік курстар мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісі болғысы келетін немесе мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге жүретін кез келген адамға арналған.

Оқу үшін Skills Enbek платформасында тіркелу қажет. Бір курстың ұзақтығы 32 сағатты құрайды. Қатысушы курсты жеке-жеке дербес игерумен айналысады.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқудан өту толығымен тегін.

Оқыту келесі кезеңдерден тұрады:

- бірнеше модульдер бойынша онлайн оқыту курсы;

- қорытынды тестілеу;

- оқудан өткені туралы сертификат алу.

Әрбір оқу курсы дәріс материалын зерделеуді, бейнероликтерді қарауды, практикалық тапсырмаларды орындауды қамтиды.

Әр модуль аяқталғаннан кейін аралық тестілеу жүргізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы дұрыс жауаптардың кем дегенде 70% жинауы керек.

Аралық тестілеуді тапсыру шектелмейді.

Курсты сәтті аяқтау үшін жеке көмекшілер қорытынды тестілеуде дұрыс жауаптардың 70%-дан астамын жинауы керек.

Егер тестілеуден қажетті көрсеткішті жинай алмаса, қатысушы тестілеуді қайта тапсыра алады.

Оқу аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы өзінің кәсіби дағдыларын растайтын бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады.

Бүгінгі таңда курстан өту үшін 296 адам тіркелді, оның 188-і оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.