Мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге 2025 жылға дейін айыппұл салынбайды

Мобильді аударымдар үшін кәсіпкерлерге 2025 жылға дейін айыппұл салынбайды
Сурет: Sputnik.kz

 Бұл туралы Қаржы министрі айтты.

Ерұлан Жамаубаевтің сөзінше, бұл жеке тұлғалардың туысының, досының немесе танысының шотына жіберген ақша аударымдарына еш қатысы жоқ. Олар салық төлемейді, деп хабарлайды Almaty-akshmy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Төлемді мобильді аударым арқылы төлеткен кәсіпкерлер жасауы тиіс. Министр ол үшін алдымен банктен екі есепшот ашу қажеттігін еске салды. Біреуі - жеке аударымдар үшін қолданылса, екіншісі кәсіпкерлік қызметке арналады. Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жылдан бастап ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтарды бақылауға ала бастайды.