Миялыға қауіп төнді

Миялыға қауіп төнді
Сурет: Атырау облыстық ТЖД

Ойыл өзенінің арнасынан асқан тасқын су Атырау облысындағы Миялы ауылының іргесіне тіреліп тұр. Соңғы ақпарат бойынша судың деңгейі – 1 метр 20 см.

Миялы – Атырау қаласынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданының орталығы. Қазір бұл ауылда 7650 адам тұрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Миялы ауылын тасқын судан қорғау үшін 2,7 шақырымдық бөгет биіктетілген. Қазір бөгеттің биіктігі – 2 метр. 

«Бөгет ауылды тасқын судан қорғайды. Қазір эвакуация уақытты тиімді пайдалану үшін жарияланып отыр. Дүрбелеңге салынып, үрейге берілмеу қажет», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен. 

Кеше түсқайта аудандық әкімдік төтенше жағдай жариялады. Соған сәйкес, Миялыдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды. 

«Тұрғындарды қабылдау үшін Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайындалды. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар,  мүгедектер көшіріледі», -деп мәлім еткен еді әкімдіктен.