Айбота гимнастикадан қоржынға үш медаль салды

Айбота гимнастикадан қоржынға үш медаль салды
Сурет: kazgymfederation

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды.

Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық Айбота Ертайқызы аталған жарыста екі күміс, бір қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Қазақстандық гимнаст шығыршықпен жаттығудан 32.7 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ доппен жаттығудан (32.4 балл) үздік үштікті түйіндеді. Айбота сонымен қатар таспамен жаттығу финалында екінші орыннан көрінді.