Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды

Алматылық оқушылар Халықаралық ғылым және өнертабыс байқауында жеңімпаз атанды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың 22-28 наурыз күндері Тунис мемлекеті Махдия қаласында оқушылар арасында «The International Festival Of Engineering Science And Technology In Tunisia (I-FEST - 2024)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар байқауы өтті.

Әлемнің әр түкпірінен келген 1500 қатысушының ішінен Алматы қаласының оқушылары үздік ондыққа еніп, алтын және қола медальдарға ие болды.

Атап айтқанда, №176 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Құттығалиева Адия алтын медаль жеңіп алса, №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушылары Ерден Айша мен Бақытжан Томирис қола медальға ие болды.

Байқаудың мақсаты – ғылымды тереңінен насихаттау, соның ішінде шетелдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай-ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің, ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.