Мысыр Қазақстанға сирек қолжазбалар жинағының 28 томын сыйлады

Мысыр Қазақстанға сирек қолжазбалар жинағының 28 томын сыйлады
Сурет: Elorda.info

Египеттік қолжазбалар тұсаукесері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII cъезі аясында өтуде.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Мысыр елінен арнайы әкелінген қолжазбалар жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға cілтеме жасап.

Жиында Әл-Асхар сирек қолжазбалар қорындағы ғылыми еңбектер мен қолжазбалар жинағы ұлттық орталық қорына табысталды. «Әл-Азхар» университеті Қазақстанға 55 мыңнан астам қолжазба жинақталған каталогтың 28 томын сыйға тартты.

Шараға Исламтану академиясының бас хатшысы Әл-Азхар, профессор Назир Мухаммад әл-Назира Айяда, ҚР Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, қолжазба ұлттық орталығы директорының орынбасары Нұрлан Ережепов, сондай-ақ орталықтың ғылыми қызметкерлері қатысты.

«Бүгінгі жиын мысырлықтардың қазақ халқына деген құрметі екендігін атап өткім келеді. Жұмыстың маңыздылығына тоқталар болсақ, өте құнды дүние. Өйткені осы каталог ислам және араб әлемінің ғасырлар бойы дамуын көрсетеді. Еңбектің тағы бір құндылығы – оның бірнеше ғылым мен білім саласын қамтуында жатыр. Осы туындылардың артында ислам әлемі, араб текті авторлар тұр. Бұл каталог 55 мыңнан астам қолжазбаны қамтиды. Мәселен, араб тіліне қатысты ғылым-білімдер, ислам, медицина, астрономия, жалпы барлық саланы қамтиды деп айтуға болады. Еңбектің бір ерекшелігі – ол нақты бір аймақтың авторларын ғана қамтып қоймайды, оның ауқымы кең. Осы еңбектің діни және ғылыми маңыздылығын барша жұрт білуі керек. Өйткені бұл тек арабтарға ғана емес, барша мұсылман қауымға ортақ мұра», - деді Мысыр Араб Республикасы Әл-Азхар жанындағы Ислам зерттеулер Академиясының Бас хатшысы, профессор, доктор Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд.