Елімізге көшіп келушілер көбейген

Елімізге көшіп келушілер көбейген
Сурет: Inbusiness.kz

Есесіне кетушілер азайыпты.

Ресми статистика бойынша, Қазақстаннан көшкендер саны үшінші жыл қатарынан азайып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл елімізге 4,1 мың адам келді, бұл былтырғыдан 2 есе көп. 5,3 мың адам көшіп кетті, былтырға қарағанда 4,3%-ға аз.

Қай өңірде келушілер мен кетушілер көп?

Өңірлер арасында азаматтардың басым бөлігі Қарағанды (681 адам), Қостанай (645 адам) және Павлодар (643 адам) облыстарынан кеткен.

Маңғыстау (1,3 мың адам), Алматы облыстары (401 адам) мен Алматы (595 адам) қаласына көшіп келуішілер көп. Ал ең аз көші-қон Қызылорда облысында. Мұнда бір адам кетсе, бір адам көшіп келген.

Қазақстандықтар қай елдерге көшіп жатыр?

Биыл 3 айда басым бөлігі Ресейге кеткен: 4,1 мың адам, былтырғыдан 7%-ға аз. Эмиграцияға танымал 5 елге Германия (617 адам), Польша (125 адам), АҚШ (89 адам) және Беларусь (57 адам) кіреді.

Қай елден иммигранттар көп?

Қазақстанда Өзбекстаннан 2000-нан астам иммигрант келген, былтырғыдан 4 есе көп. Одан бөлек Ресейден 810 адам, Түркіменстаннан 218 адам, Қырғызстаннан 164 адам және Қытайдан 125 адам келген.