Мысыр билігі туристер тарту үшін қонақүй бағасын төмендетті

Мысыр билігі туристер тарту үшін қонақүй бағасын төмендетті
Cурет: pixabay.com

«Бес жұлдыз» қонақүйдегі бөлме күніне 50 доллар

Мысырдың министрлер кабинеті қонақүйлерде тұрудың ең төменгі бағасының өсуін алты айға кейінге қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info  сайтына сілтеме жасап.

Жаңа ережелерге сәйкес, «бес жұлдыз» қонақүйдегі бөлме күніне 50 доллардан, «төрт жұлдыз» қонақүйінде 40 доллардан арзан болмайды деп болжалды. «Үш жұлдыз» және «екі жұлдыз» орналастыру нысандары үшін минималды баға сәйкесінше 30 доллар және 20 доллар болуы керек еді.

АТОР мамандарының айтуынша, Мысыр билігі курорттарға тікелей чартерлік рейстердің болмауына қарамастан, туристерді көбірек тартуға тырысады.