Сovid-19 вирусы іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін

Сovid-19 вирусы іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін
Сурет: Gazeta.ru

Коронавирустың кесірінен адам организмінде әртүрлі асқынулар болады.

Ресейлік вирусологтар covid-19 инфекциясына шалдыққан организм үшін сирек кездесетін, бірақ қауіпті салдарды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мамандардың айтуынша, вирус іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін. Коронавирус әртүрлі асқынулар береді, кей жағдайларда ауру іш қуысына әсер етіп, перитонитке әкелуі мүмкін.

Аурудың бұлай асқынуы кейбір органдардың иммундық функцияларымен байланысты болуы мүмкін, деп түсіндірді медицина ғылымдарының кандидаты Борис Чурадзе.

«Іш қуысында иммундық реакцияға жауап беретін лимфа түйіндері көп. Патологиялық өзгерістер болған жағдайда іш қуысы асқынулар пайда болатын аймаққа айналуы мүмкін», - деп қорытындылады дәрігер.

Көбінесе, іштің қатты ауыруы, ентігу, тамақтанудан бас тарту, нәжістің болмауы, интоксикация COVID-19 кезінде асқынулардың дамуының белгісі және мұндай жағдайда дереу дәрігерлік көмекке жүгіну керек болады.