Министр Мусин өзінің байланыс қызметін ауыстырығысы келетінін айтты

Министр Мусин өзінің байланыс қызметін ауыстырығысы келетінін айтты
Сурет: Kt.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз үйіндегі интернет сапасы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Менің үйімде де интернет тұрақсыз болған. Бірақ кейінгі айда Kcell-дің байланыс сапасы жолға түсе бастады. Сондықтан да қазір Beeline-нан Kcell-ге ауыссам деп ойлап жүрмін», - деген министр үйінің елорданың қай ауданында орналасқанын айтты.

Министр үйінің сол жағалауда, EXPO ауданының маңында екенін де жасырмады.