Министр қыста энергияны үнемдеуге шақырды

Министр қыста энергияны үнемдеуге шақырды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қыста терезені немесе балконды ашу арқылы пәтердегі жылуды реттемеуге шақырды.

Ол үшін арнаулы құрылғыларды орнатып, энергияны үнемдеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«20-21 градусты құрайтын қалыпты нормаларға үйрену керек. Қыста бұл температура қалыпты деп санаймыз, себебі ресурстарды үнемдеу қажет. Біздің елде адамдар үйдегі жоғары температураға үйреніп алған. Мұның салдары жылу беру желілеріне тым жоғары салмақ түсіріп отыр», - деді Ә. Қуантыров.

Оның айтуынша, жылудың қалыпты деңгейі 21 градус шамасында.

“Алайда тұрғындар қыста 23-25 градус жылуға үйреніп қалғандықтан, температураны тиісті нормаға түсіргенде, шағымдана бастайды”, – деді министр.