Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті

Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті Cурет: Almaty.tv

72 жастағы Сәрсенбай Қотырашовтың мақсаты – Қазақстанның 17 облысын аралау


Ұлытаулық қарт жиһанкез Алматыға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
«Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын қарияның бұл марафоны 31 наурыз күні басталған. Сапар барысында ақсақалға Жезқазған мен Қызылорданың арасындағы жол ауыр соғыпты. Керек-жарақ салынған шағын арбасын сүйреп, күніне 40-50 шақырымды басып өтеді екен.



«Еңбексіз зейнет жоқ» деген қазақта мақал бар. Жолға шыққанда сол Қызылорда трассасы қиындау болды. Одан кейін қиын болғаны Түлкібас ауданынан бастап, Таразға дейінгі аралықта қиналдым», – деді ұста, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов.



Сәрсенбай Қотырашов – Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкері, еңбек ардагері. Қарашаға дейін ол бүкіл елді-мекенді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстырмақ. Жиһанкез ертең Алматыдан Семей қаласына аттанбақ.



«Сәрсенбай Қотырашов Оспанұлының саяхатына серіктес ретінде бірге келе жатырмын.Бірақ менің міндетім – қонатын, тамақтанатын, демалатын жерін ұйымдастыру. Жалпы Сәкең бұл ойын 6 жыл бұрын жоспарлап еді. Біз бар, отбасы бар қарсылық танып жүрдік. Биыл саяхатқа шықты», – деді өлкетанушы Бақтияр Қожахметов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12