Министр қазақ спортшыларын сынға алды

Министр қазақ спортшыларын сынға алды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан спортшылары келесі жылы болатын Париж Олимпидасына бар жоғы 17 лицензия жеңіп алды.

Жолдама сегіз спорт түріне тиесілі. Бұл басқа Олимпиадалардың дәл осы кезеңдегі лицензия санымен салыстырғанда өте аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев төрт жылдықтың басты бәсекесінің нәтижесі қалай болатынына қазірден алаңдап отырғанын жасырмады. Жалпы жанкүйерлер жүлдені бокстан күтеді. Бірақ әзірге бұл спорт түрінен 2 ғана жолдама бар. Министр мұны өте нашар көрсеткіш деді.

Ал спортты дамыту дирекциясының өкілі Олимпиадаға дейін тағы 90 лицензия жеңіп алу міндеті тұрғанын жеткізді.